Қару үйде қалай сақталу керек?
Қару үйде қалай сақталу керек?
5 жыл бұрын 1920

Алматы облысының полициясы үйде қару сақтаудың тәртіптері туралы ескертті.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша қару мен оның оқ-дәрілерін сақтаудың арнайы талап-тәртіптері бар, деп хабарлайды nege.kz ақпарат көзі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Олар азаматтық, қызметтік қару мен олардың оқ-дәрілерін сатып алу, беру, есепке алу, сақтау және қолдану тәртібі жазылған заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде жазылған. 

«Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс. Оның қабырғасының қалыңдығы 3 мм кем болмауы қажет және ішкі құлпы берік, қару иесінен өзге адамдарға құпия болуы керек», - деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Юрий Пак.

Қарулар мен олардың оқ-дәрілерін сақтаудың жағдайы мен тәртібін бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіштен 40 АЕК дейін айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

0 пікір
Мұрағат