ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛУ ЕРЕЖЕСІ ТАҒЫ ӨЗГЕРДІ
|

Қос азаматтыққа жол берілмейді. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады.
Сенатта осы мәселеге қатысты тиісті заң бірінші оқылымда мақұлданды. Сенаторлар қандас мәртебесін беру рәсімін жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынды.
Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұлты қазақ екенін айқындау ережесін әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттігі беріледі. Шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды. Сонымен қатар, ғылыми дәрежесі бар қандастарға да арнайы жеңілдіктер көзделген.
Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, былтырдан бері 26 мың 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығына қабылданды. Оның 20 мың 500-ден астамы қандас.
Айта кету керек, 32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ келіп, қандас мәртебесін алған. Бұл ел халқының 5,6 пайызына тең.




