Қандай мамандықтар ең көп сұранысқа ие?
Қандай мамандықтар ең көп сұранысқа ие?
7 жыл бұрын 5482 7kun.kz kapital.kz needtosellmyhousefast.com

Қазіргі уақытта компаниялар бүтін бір бөлімнің орнына әмбебап маманды көргісі  келеді. Қазіргі уақытта жас түлектер қандай мамандықты жиі таңдайды? Ал еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар қандай және болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді? Бұл туралы білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінің президенті Шолпан Қаланова мен кадрлық агенттік өкілдері айтатын болады.

Таң қалдырған мамандықтар

«Менің таң қалғаным «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының танымалдығы артып келеді. Бұл мамандыққа жыл сайын 6 мыңға жуық адам түседі. Ал 2016 жылы 9 мыңнан астам адам дәл осы маманыққа құжаттарын тапсырған», — дейді Шолпан Қаланова. Бұл статистикадағы оны таңқалдырған жалғыз ақпарат емес. 

Оның айтуынша, әрбір ЖОО мамандықтарға сұраныс әр түрлі. Сондықтан жалпы Қазақстан бойынша статистикаға қарау керек. Ол соңғы төрт жылдағы статистиканы мысалға келтірді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін педагогикалық мамандықтарға қабылданған студенттер саны 10 мыңға артты. Оның пікірінше. Шет тілін меңгергісі келетіндер көбейген. Бұл әрине мемлекеттік саясаттың магистральды бағытымен байланысты. Президент үш тілділік туралы, ағылшы тіліні енгізу туралы үнемі айтады. Қазір білім министрлігі де оқушыларға ағылшын тілін үйрету туралы барынша жағдай жасап жатыр. 2013 жылы педагогикалық кәсіпке тапсырғандар саны 3456 адам болды (ақылы негіздегі және грант). Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 4605 адамды құрады. Яғни бұл мамандыққа тапсыпғандар саны 1150 адамға өскен.

Заңгерлік мамандықтарға түскендердің нәтижесі де таң алдырды. «Заңгерлерге жұмыс табу оңай емес екенін барлығы біледі. Себебі, елде заңгерлер көп әрі мемлекеттік грант та шектеулі. Дегенмен, статистика бойынша, түлектер тарапнан бұл кәсіпке сұраныс тек артып келеді. 2013 жылы заңгерлік мамандыққа түскендер саны 13 мың адамнан болса, 2016 жылы 16 мың адамды құрады», — деп атап өтті білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінің президенті.

Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласына қызығушылардың да саны артып келеді. Төрт жылда бұл сала мамандықтарына тапсырушылар  саны 2000 адамға ұлғайған. Технология мен техникалық мамандықтарда да біршама өсім байқалды (8 мың адам).

Ақпараттық жүйе, есептеуіш техника, бағдарламалық қамтамасыздандыру, басқаруды автоматтандыру мамандықтарын ерекше атап өту керек. Бұл салалар бойынша төрт жылдағы өсім – 2,5 мың адам.

Мұнай-газ саласы бойынша жағдай тұрақты. Мұнда жыл сайын 2000 түлек қабылданады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыстағы өсім 600 адамды құрады.

Шолпан Қаланованың мәліметінше, медицина бағыты да тұрақты. Бұл салаға грант көп бөлінеді. Бірақ ақылы негізде оқитындар да жеткілікті. Электроэнергетика мен радиотехникаға да сұраныс артты. 2016 жылы бұл мамандыққа 2300 адам оқуға түсті.

Сонымен қатар, транспорт,  қозғалыс пен тасымалды ұйымдастыру, транспорт техникасы және технология саласы да танымал. Ал кеңес үкіметі кезінде үлкен сұранысқа ие болған жерді мелиорациялау және күзету кәсібіне оқуға түскен студенттер саны аз. Мысалы, 2016 гидромелиорацияға 81 адам тапсырған, ал жалпы білім алушылар саны 300 адам.

Тағы бір айтатын нәрсе, өнер саласына қызығушылық көп екен. Мысалы, жыл сайын режиссураға 250 адам түседі. Ал жалпы 2015 жылы өнер саласына құжат тапсырғандар саны 9000 болды. 2016 жылы көрсеткіш сәл төмендеді. «Әлемде өнерге салысан қатысты мамандықтардың танымалдығы артып келеді – тенденция осындай», — дейді сарапшы.

Жұмыс берушілердің талабы қандай?

Antal Kazakhstan  рекрутингтік компанияның директоры Анна Ковинскийдің сөзінше, қазіргі уақытта танымал мамандықтарды қарастыратын болсақ, нақты қай индустрия туралы сөз қозғайтынымызды анықтап алу керек. Себебі еңбек нарығы көп салалы. Сондықтан сұранысқа ие мамандықтың әмбебап тізімі жоқ. Әр салада әр түрлі кәсіп танымал.

Мысалы, банк секторында қазір тәуекел-менеджеріне сұраныс көпФармацевтикада сату мамандары мен GR-менеджерлер қажет. ІТ-саласында құрастырушылар мен sales-менеджерлер сұранысқа ие.

«Кез келген сферада кәсіпқой маман қажет. 5 жылдан кейін де жағдай осындай болады. Жұмыс берушілерге өз индустриясы мен кәсіби аймағын жақсы білетін, кәсіби және өзін-өзі дамытуға дайын қызметкерлер керек. Қысқа мерзімдік перспективада мемлекет пен экономикадағы жағдайларды көрсететін шағын трендтер пайда болады. Мысалы, қандай да бір заңды қабылдау нақты мамандықтын сұранысына әсер етеді», — деп атап өтті Анна Ковинская. Ал ұзақ мерзімдік жұмысқа бұрынғыдай сату мамандары мен ІТ-мамандар сияқты жаңа технологиямен айналысатын мамандар қажет.

Оның айтуынша, бизнестің қозғаушы күші — сатылым мен технология.

Жұмыс берушілер қызметке үміткерлердің бойынан қандай қасиеттер көргісі келеді? Сарапшының пікірінше, ол әрине тәжірибе мен кәсібилік, екіншіден – кандидаттың универсал болуы. «Мен барлық ізденушілерге шектеліп қалмай, жаңа білім алуға шақырамын. Өзінің кәсіби ой-өрісін кеңейту қажет. Стандартты емес  шешімдер табу және жұмыстың басқа қырынан саралай білуді жұмыс берушілер болашақта да жоғары бағалайды», — деп атап өтті Анна Ковинская.

Қазіргі уақытта процесстердің оңтайландырылуына байланысты қызметкерлердің міндеттері артып келеді. Егер бұрын компанияда контрактілермен айналысатын жеңе заң бөлімі болса, қазір бүтін бір бөлімнің орнына бір ғана әмбебап маманның болғанын қалайды. Яғни ол контракті жұмыстарын істеуден бөлек, әкімшілік, азаматтық және еңбек құқықтарына қатысты сұрақтарға жауап беруі қажет.

«Мұндай өзгерістер әр бөлімдер мен мамандықтар да болады. Олардың міндеттері өзгеріп кеңейі түседі», — деп атап өтті Antal Kazakhstan сарапшысы.

Өткір ой мен нәтижелілік

«Соңғы жылдары жаңа мамандықтар санының артуы ІТ саласының дамуымен байланысты.  Қазір web-программист немесе виртуалды әлем дизайнері вакансиясымен ешкімді таң қалдыра алмайсыз. Екінің бірі өзін интернет-блогер немесе лайфстайл-коуч деп атайды», — дейді «HeadHunter Қазақстанның бас директоры» Нина Быченко.

Уақыт өте келе технологияның дамуына қарай кәсіптер қарқынды трансформациядан өтеді. Уақытқа қатысты міндеттердің шешімін табатын болады. Сондықтан сарапшының пікірінше, болашақта ақпараттық технологиялардың өзгеріп отыруына байланысты оларға икемділік пен бейімділік бағаланады. 30 маманның орнын өзін әр бағытта дамытқан бір әмбебап маман алмастырады.

0 пікір
Мұрағат