Президент пайдаланылмайтын жер салығын ұлғайтуды ұсынды
Президент пайдаланылмайтын жер салығын ұлғайтуды ұсынды
5 жыл бұрын 2615 7kun.kz Гүлдана Қазтай

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмайтын жер телімдері үшін базалық салық ставкаларын 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту қажет деп санайды. Бұл туралы ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында мәлімдеді.

«Сондай-ақ, мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін ауылшаруашылық жерлерін пайдаланбау мерзімін қазіргі екі жылдан бір жылға дейін қысқартуды қамтамасыз ету қажет», — деді мемлекет басшысы.

Бұдан басқа, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың бәсекелестік нарықтарға экономикалық тартылуын төмендету бойынша жұмыс жүргізу қажет.

«Үкімет қазірдің өзінде мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің 100-ден астам түрін қысқартуды ұсынып отыр, бұл қолданыстағы тізбенің 30%-ға жуығы», — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды және одан әрі оңтайландыруды қамтамасыз ету керек.

«Мен квазимемлекеттік сектордағы әлеуметтік-маңызды кәсіпорындардың Директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдерін енгізу идеясын қолдаймын», — деді ол.

Соныменқатар, келесі жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті тексерілетін мемлекеттік органдар мен ұйымдар бойынша өзінің аудиторлық іс-шараларының негізгі нәтижелерін жариялауды бастайды.

0 пікір
Мұрағат