Пойыз билеттерінің бағасы төмендейді
Пойыз билеттерінің бағасы төмендейді
6 жыл бұрын 2566 Олжас Сәндібек

Екінші ақпаннан бастап елімізде бірнеше пойыз бағыттарына билет бағасы арзандайды. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Нақтырақ айтсақ, Астана – Алматы бағытында жолаушылар тасымалдайтын пойыздарға билет құны 9886 теңгеге дейін арзандаса, Алматы – Шымкент пойызына билет алу 6567 теңгені құрамақ. Яғни, билет бағасы шамамен 1500 теңгеге дейін төмендейді.

Биыл Қазақстаннан Жапонияға әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр

Биыл Қазақстаннан Жапонияға әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан мен Жапония арасында жүйелі түрде қатынайтын әуе рейстерін ашуға қажетті құқықтық база 2016 жылы бекітілген.

Құжатқа сәйкес Қазақстан мен Жапонияның әуекомпаниялары апта сайын ешбір шектеусіз 14 рейс орындауға құқығы бар. Қазақстандық тасымалдаушылардың орындайтын рейстері - Токио, Осака, Нагоя қалалары болса, Жапонияның әуе тасымалдаушылары Астана, Алматы және Қарағандыға ұшады.

"Мұның алдында Қазақстаннан Токиоға әуе рейстерін ашуға құқықтық негіз болмаған еді. Қазіргі уақытта әуекомпаниялармен келесі жылдан бастап тікелей бағыттағы әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салайық, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында отандық әуекомпанияларға көмектесуді тапсырған болатын. "Авиаторларға АҚШ-қа және Жапонияға әуе рейстерін орындау туралы тапсырма беру керек. Еуропаға онсыз да ұшып жүрміз", - деген еді Мемлекет басшысы.

0 пікір
Мұрағат