Петропавлда тропикалық жеміс ағаштары өнім берді
Петропавлда тропикалық жеміс ағаштары өнім берді
2 күн бұрын 167 24.kz Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Петропавлда қаңтардың суығында лимон, банан және монстера жемістері пісті, деп хабарлады 24.kz 

Тропикалық жеміс ағаштары қаладағы ботаника бағының бір бұрышында жайқалып тұр.

Агрономдардың айтуынша, бұл сирек кездесетін жағдай. Бақ қызметкерлері өнімді, тіпті, экспортқа шығаруға болады, сапасы жақсы, дейді.

Ботаника бағындағы мына жылыжай кешенінің іші жыл он екі ай жап-жасыл болып тұрады. Бақта тропикалық жеміс ағаштарының бірнеше түрі бар. Жалпы әлемнің әр түкпірінен әкелінген 2000-нан астам өсімдік түрі жайқалып тұр. Оның ішінде банан ағашы көздің жауын алады. Ағаштар он жылдан кейін биыл алғаш рет жеміс берді.

Артур Рязапов, ботаника бағының директоры: - Қазір бананды экспортқа шығаруға болады. Бұл өсімдікті тиісті темперамен өсірдік. Агрономдар бәрін мұқият қарады. Енді олар жолда пісіп, хос иісі шығады. Ағаштың бір шоғында 20-30 өнім болады. 

Бұдан бөлек, ботаника бағында экватордан әкелінген лимон мен грейфрут ағаштары жеміс берді. Цитрус түрлері жылыжай кешеніне 90-жылдары егілді. Солтүстіктегі ірі бақтың тарихы тереңде. Ең алғашқы ағаштар мен өсімдіктің егілгеніне жүз жылдан асты. 6 жыл бұрын бақ толық жаңғыртудан өтіп, заманауи кейіпке енді.

Екатерина Череповская, ботаника бағының қызметкері: - Мына әлемдегі ең ірі «пандероза» лимоны. Салмағы бір келіге дейін тартады. Бірақ, дәмі ащы. Сүйегі де көп. Оны әсіресе кубалықтар деликатес ретінеде тұтынады. 

Өсімдіктер жыл бойы жайқалып тұрады. Бірақ, жеміс беру кезеңі әртүрлі. Олардың күтімі қатаң бақылауға алынған. Өйткені, тропикалық ағаштар суықта үсіп кетуі мүмкін.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

 

0 пікір
Мұрағат