Педофилдер мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шықпайды
|
Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң бөлiм басшысы Әсет Оспанов балаларды қорғауға қатысты заңнамаға енгiзiлген өзгерiстерге тоқталды , деп хабарлайды "BNews.kz" ақпарат көзінің тiлшiсi. «Заңға енгiзiлген өзгерiстер бойынша педофилдердi шартты түрде босатуға, қылмысын мойындаса, сондай-ақ екi жақ ымыраласқан жағдайда оны қылмыстық жауаптан босатуға тыйым салынады. Мұндай адамдарға мерзiмiнен бұрын шартты босату, қалған жазасын жұмсағырақ жаза түрiну ауыстыру немесе оның мерзiмiн қысқарту, айыптау үкiмiнiң мерзiмi өтiп кетуiне байланысты жазаны өтеуден босату, сондай-ақ рақымшылық пен кешiрiм актiсi негiзiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату қолданылмайды», - дедi Ә.Оспанов. Бұдан бөлек, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар балаларға қатысты осындай қылмыс жасаса, қосымша жаза ретiнде Қазақстан аумағынан шығарылады. Сондай-ақ, олар бостандыққа шыққаннан кейiн үш жылға дейiн әкiмшiлiк қадағалау белгiленедi. «Сонымен бiрге, бұндай адамдарға белгiленген шектеулердiң бiрi ретiнде кәмелеттiк жасқа толмаған балалармен ата-анасының рұқсатынсыз әңгiмелесуге тыйым салу айқындалған», - деп атап өттi полиция өкiлi. Айта кетейiк, педофилдердi химиялық пiштiру жазасы қарастырылған заң биыл қабылданды. Бұл норма елiмiзде 2018 жылдан бастап күшiне енедi.
Педофилдерге химиялық кастрация 2018 жылдан бастап қолданылады
Қазақстандағы педофилдерді химиялық кастрациямен жазалау 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Әсет Оспанов мәлімдеді. «Қылмыстық істі тергеу барысында педофилдер сот-психиатриялық сараптамадан өткізілетін болады. Соның нәтижесінде сотталушының кішкентай балаға деген азғындық ниетінің бар-жоғы анықталады. Осы сараптама қорытындысына сәйкес сот айыпталушыға химиялық кастрация тағайындау мәселесін шешеді. Бұл норма 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ», - деп атап өтті Оспанов. Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың наурызында бірқатар заң нормаларына түзетулер енгізіліп, балаларға қарсы жасалатын қылмыс түрлерінің жазасы күшейтілген болатын. Оның қатарында педофилдерді химиялық кастрациялау жазасы да бар.