|
Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотта жауап беріп жатыр
|
Павлодарда лаңкестік пен экстремизмді насихаттады деген күдікпен тұтқындалған азаматтарға қатысты сот басталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Төрт айыпталушы жастарды жиһадқа қатысуға үгіттеген екен. Араларындағы өзін Жамағат Айдархан деп атаған 46 жастағы жергілікті күзет агенттігінің басшысы бұларға жетекшілік еткен. Қалғандары 20-25 жас аралығындағы жігіттер.
Өздерінің жиындарын қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында ұйымдастырып, айналасындағыларды жиһадқа қатысуға шақырған.
Сондай-ақ, садақа жинап, ол ақшаны сотталған серіктестерінің отбасыларына көмек ретінде үлестіріп отырыпты. Оларды тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы аңдып, тамыз айында қолға түсірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды