«Парыз» конкурсы туралы ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілді
«Парыз» конкурсы туралы ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілді
10 жыл бұрын 3153

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 

23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы  № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жұмыс органы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының                

     Президенті                                                                  Н.Назарбаев

  
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 12 мамыр

№ 261

0 пікір
Мұрағат