"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды
"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды
5 жыл бұрын 2309

Қоғам белсенділері қарызға белшерінен батқан азаматтарды банкрот деп жариялайтын уақыт жетті деп отыр. Президент жанынан құрылған қоғамдық кеңесте еліміз тез арада осындай заң қабылдауы керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп.  

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр.

Қоғамдық кеңес мүшелері жеке тұлға несие алып қайтара алмай қалған жағдайда өзін банкрот деп жариялауға жағдай жасау керектігін айтады. Бұл жаңалық онсыз да әрең күн көріп жүрген қарапайым халыққа жағымды болары анық. Алайда қоғам белсенділері бір адамның басына бірнеше несие беретін банктерге тосқауыл қою керек екенін алға тартты.

Ұлттық банктің соңғы жарты жылда берген есебі бойынша елімізде қарызын қайтара алмай отырған жеке тұлғалардың саны 640 000-ға жеткен.

0 пікір
Мұрағат