|
Өзгеше қылышты алып кетпек болғандар ұсталды
|
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік табыс департаментінің экономикалық тергеу қызметі тарихи қылышты елден заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті.
Бұл жайында Otyrar.kz ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Бұл жағдай Өзбекстанмен арадағы «Қапланбек» кеден бекетінде орын алған. Құнды жәдігерді алып жүргендер күдікті көрінген соң кеденшілер қылышты сараптамаға жіберген. «Оңтүстік Қазақстанның облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мамандарының сараптамалық тұжырымына сәйкес аталмыш қару кәсіби деңгейде жасалған, ұландар ұстайтын жеңіл қылыштың 1776 жылғы үлгісі болып табылады. Оның тарихи-мәдени құндылығы бар және мұражайдың қару коллекциясынан болуы мүмкін», - деп айтылған хабарда. Суық қаруды заңсыз сатып алу, беру және сақтау фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды