Өткен жылы 2 мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылды
Өткен жылы 2 мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылды
6 жыл бұрын 2663 Айжан Серікжанқызы

Өткен жылы Қазақстанда 2 мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Елімізде 15 мың бала қолайсыз отбасында өсіп келеді, 214 мың бала - аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Өткен жылы екі мыңнан астам ата-ана өз құқықтарынан айырылды», - деді ол.

Оның үстіне, 5 мыңнан астам бала өз отбасында емес, қазыналық мекемелерде тұрып жатыр.

«Балалар үйінен шыққандарды баспанамен қамту және постинтернаттық әлеуметтендіру мәселесі де өзекті болып қала береді. Соңғы бес жылда 265 жетім бала баспана кезегіне тұрғызылмаған. Мұрагерлік құқықтардың бұзылу жағдайлары да жоқ емес. Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында жетім балалардың мүлкін сақтау бойынша шара қолданылмай отыр», - дейді кеңесші.

0 пікір
Мұрағат