Отбасы банк «пайызсыз» ипотекаға Ислам банктерінің қаржысын тартуы мүмкін
Отбасы банк «пайызсыз» ипотекаға Ислам банктерінің қаржысын тартуы мүмкін
Кеше 430 kaz.inform.kz Есімжан Нақтыбай. Коллаж: Kazinform

KAZINFORM – Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ислам ипотекасының шарттары Қазақстан заңнамасына қаншалық сәйкес келетіні зерделеніп жатқанын мәлім етті.

— Мен қараша айында Мәжілісте болғанда айттым, Қазір заңдарды қарап жатырмыз. Қазіргі заңнама бойынша тұрғын үй жинақтаудың жаңа өнімі жасауға бола ма, әлде заңдарға өзгеріс кіргізу керек пе деген мәселені талқылап жатырмыз. 2025 жылға жоспарымыз сол ипотеканы жасау, — деді «Отбасы банк» басшысы.

Оның сөзінше, аталмыш ипотека түрі елде қолданысқа енсе, қажетті қаражат ислам банктерінен тартылуы мүмкін.

— Біз ипотекалық өнім жасағанда алғашқы жарна 50 пайыз болса, салымшылардың ақшасын ғана тартамыз. Ал 20 немесе 30 пайыз болса исламдық банктердің ақшасын кіргіземіз, — деді Ләззат Ибаргимова.

Есімжан Нақтыбай

0 пікір
Мұрағат