Өскеменде тегін "Имам такси" жобасы іске қосылды (фото)
Өскеменде тегін "Имам такси" жобасы іске қосылды (фото)
8 жыл бұрын 6993

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің  қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау, сауапты істерді көптеп ұйымдастыру туралы берген тапсырмасына сәйкес Өскемен аймағы өкілдігі жамағатқа тегін қызмет көрсететін "Имам такси" жобасын қолға алды, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспсөз қызметі.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: "Имамдардың беделін көтеру, уағыз-насихат жүргізудің тиімді, тың тәсілдерін қолдану мақсатында Өскемен өкілдігі «Имам такси" атты жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында «Имам такси» деп аталатын арнаулы көліктер Рамазан айы бойында мешіттің жамағаттарына тегін қызмет көрсетеді. Әсіресе, тарауық намазына жамағаттардың қаланың әр түкпірінен келіп-кетуіне қиындықтар туындайды. Сондықтан жамағаттарға қасиетті Рамазан айында алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік тудыру мақсатында осы жобаны іске асырып отырмыз, әрі имамдар тұтынушыға жеткенше уағыз айтып отырады», - деп таныстыра келе, бұл да қасиетті Рамазан айындағы сауапты шарлардың бірі екендігіне тоқталды.

Тегін такси қызметіне қалалық мешіттердің қызметкерлері ат салысып отыр. Рамазанның алғашқы күнінен басталған бұл тегін такси қызметіне қазір мешіттің  жамағаттары да дән риза. 

0 пікір
Мұрағат