Өскеменде сотталушыларға арналған басылымның бірінші нөмірі жарыққа шықты (ФОТО)
Өскеменде сотталушыларға арналған басылымның бірінші нөмірі жарыққа шықты (ФОТО)
8 жыл бұрын 2612 ҚазАқпарат

Өскемен қаласының ОВ-156/3 түзеу мекемесінде (халықта «отыздық» деп аталып кеткен) «Отыздық» атты жұмыс атауы бар жеке басылым жарыққа шықты. 

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен хабарлады.

«Жергілікті басылымды шығару идеясын көптеген өлеңдердің авторы болып табылатын сотталушылардың бірі ұсынды. Мекеменің әкімшілігі бұл ұсынысты қолдап, қолдан келген көмегін көрсетті. Редакция алқасы мекеме әкімшілігінің өкілі және сотталушылардан құрылған», - деп атап өтті ОВ-156/3 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Айдын Бөкешев.

Хабаршының беттерінде сотталушылар Қазақстанда және шетелде орын алып отырған маңызды оқиғалар туралы оқып қана қоймай, түрлі құқықтық мәселелерге қатысты жауаптар алады. Сондай-ақ басылым беттерінде алдағы мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстардың нәтижелері, түрлі аурулардың алдын алу туралы ақпарат, мекеменің өндірістік учаскесінде бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар, сотталушыларды қабылдау кестелері орналастырылады. Бұдан басқа, мұнда сотталушылардың өлеңдері мен прозасы жарияланады. 

0 пікір
Мұрағат