Өскеменде қарызы бар адамдар мен қылмыскерлерді анықтайтын ақылды бағдаршам пайда болды
Өскеменде қарызы бар адамдар мен қылмыскерлерді анықтайтын ақылды бағдаршам пайда болды
6 жыл бұрын 5200

Жаяу жүргіншілерге арналған ақылды бағдаршамдар қарызы бар адамдарды, құқық бұзушылар мен іздеудегі қылмыскерлерді анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменде Ішкі істер министрлігінің базасына қосылған жаяу жүргіншілерге арналған камерасы бар бағдаршам орнатылды. Полиция басқармасы өкілдері ақылды бағдаршамның әзірге сынақ режимінде жұмыс істейтінін хабарлады. Бірақ, құқық қорғау органдары қызметкерлері "ғажайып техникаға" үлкен үміт артып отыр.

"Адам жолдан өтіп бара жатқанда, камералар онлайн режимде ІІМ-нің базасымен салыстырып, оның кім екенін анақтайды. Базада қылмыскерлер тізіміндегі барлық адам болады. Олар алимент төлемейтіндерден бастап, іздеудегі қылмыскерлерге дейін", - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.

Бағдаршам арнайы орталық алаңға орнатылған, себебі, ол жақтан адамдар жолдан көп өтеді. Сонымен қатар, жақын маңда полиция стационар пункті бар, ал ақылды техника қылмыскерді анықтаса, бұл туралы белгі дереу патруль қызметкерлеріне барады.

"Әзірге бағдаршам құқық бұзушыларды анықтап үлгермеді, бірақ бұл уақыт мәселесі. Бұл оның тиімділігін бағалауға арнайы орнатылғын", - деп түсіндірді Коваленко. - Біздің өңір үшін бұл ноухау, мұның алдында осындай бағдаршам басқа қалаларда орнатылды дегенді естімедім. Ақылды бағдаршам камерамен ғана жабдықталмаған, сонымен қатар, оның көше қараңғы болғанда автомат түрде қосылатын үш жарық көзі бар. Сондықтан жаяу жүргіншілерді тану 24 сағат бойы жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат