Орталық Азияға бағытталған инвестицияның 50%-ы Қазақстанға тиесілі
Орталық Азияға бағытталған инвестицияның 50%-ы Қазақстанға тиесілі
8 жыл бұрын 2079 24.kz

Орталық Азия елдеріне бағытталған инвестицияның 50%-дан астамы Қазақстан экономикасына құйылады. Бұл жөнінде Deutsche Bank өкілдігінің басшысы Ульф Вокурка мәлімдеді. Банк, әсіресе, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірталай қолдау білдірген. Сонымен қатар, ұлттық компанияларға да миллиондаған доллар инвестиция құйды. Жалпы алғанда, Deutsche Bank 22 жыл ішінде ел экономикасына 50 млрд доллардан көп қаржы бөлген. Ульф Вокурка енді осы әріптестік қарым-қатынасты тоқтатпай, одан әрі нығайта түссек деген ниет-тілегін жеткізіп отыр. Ульф Вокурка, Deutsche Bank AG Қазақстандағы өкілдігінің басшысы: - Қазақстан ұсынып отырған мүмкіндіктер инвесторлар үшін аса қызықты. Яғни, кейінгі жылдары жайлы инвестициялық климат қалыптасты. Енді біз өз тарапымыздан осыған сәйкес қызмет көрсетуге дайынбыз. Әсіресе, өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға көмектессек дейміз.

0 пікір
Мұрағат