ҚР БҒМ бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді. Нұсқаулықтар оқушылардың үй тапсырмасын азайтуды көздейді.
Оқушылардың үй тапсырмасын қысқартатын бұйрық шықты
|
«2017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев № 182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті. Бұл ұсыныстардың негізін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткен жылғы сәуірден желтоқсанға дейін іске асырылған жобасының нәтижелері құрады», - деп хабарлайды білім министрілігінің баспасөз қызметі.
Жарты жыл бойы ұсыныстар ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, басқарма басшысы Т.Ж.Жакенова, бас сарапшылар А.А.Кемалова және Б.А.Қабатованың жетекшілігімен ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңірлердің мектептерімен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өтті.
«Қазақстандық мектептердің тарихында алғаш рет бейінді ведомстволық деңгейде еліміздің оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өзіндік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз», - делінген ақпаратта.