Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
8 жыл бұрын 3865 stan.kz

Елімізде 100 мыңға жуық жас колледжге немесе жоғарғы оқу орындарына түсе алмаған. Оларды босқа сандалтпай алғашқы мамандықты меңгертуге мемлекет тарапынан тегін көмек жасалмақ.

Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамар Дүйсенова мәлімдеді. Жаңа бағдарламаның артықшылығы тек нарықта сұранысқа ие кәсіп түрлерін үйретеді. Басты бағыт бизнес жүргізуге бейімдеу.  Демек, курсты тәмамдаған шәкірттер микрокредиттік ұйымдар беретін көмекті пайдаланып іс бастай алады. Бағдарлама аясында ауыл, аудан және қала жастары толық қамтылмақ. Түлектерге «Жастар тәжірибесі» негізінде еңбек жолын бастауға мүмкіндік берілмек.

Ресми деректердің мәліметіне сүйенсек, 2001 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 есе төмендеген.

0 пікір
Мұрағат