ОҚО-да ер жігіт сүйіктісінің орнына тест тапсыру үшін қыз болып киініп алған
ОҚО-да ер жігіт сүйіктісінің орнына тест тапсыру үшін қыз болып киініп алған
10 жыл бұрын 9155

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында ер жігіт сүйікті қызы үшін сынақ тапсырмақ болды.

Жақсы көретін қызының орнына тест тапсырмақшы болған жігітті бақылаушылар байқап қойған.

Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары жарыса талқылап жатыр.

Жігіт қыз бала секілді киініп алған. Баян Уксикбаева деген әлеуметтік желі қолданушысы осы ақпаратты тарату кезінде «Тіпті, жігіт қызға ұқсау үшін аяғының түгін қырыпты. Енді оны қатты жазаламаса екен», - деп тілепті.

Infomburo.kz хабарлауынша, Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев 1998 жылы туылған сүйіктісі үшін жасөспірімнің осындай қадамға барғанын растады.

Ол қызға ұқсау үшін шашына парик киіп, қасы мен көзін бояп алған. Бір қызығы, сүйіктісі үшін өзге облыстан келіп, тест тапсырмақ болған жігітті бақылаушылар дереу байқап қойыпты.

3 пікір
  • Жастық албырттық шығар иә,
    Шын жақсы көрсе сабақ пысықтауына көмектессе тіптен көркем болар ма еді
    10 жыл бұрын
  • Фейсбукта қалжындап жатыр ма десем, рас екен ғой. Сөзім жоқ...
    10 жыл бұрын
  • Мәссәғааан,ал керек болса!!!"Жүре берсең-көре бересің" дегендей...Бірақ,қазір,оның қасында жынысын ауыстырып жатқандар каншама.Таңқалатын заман емес қазір.Бірақ,айтарым бар.Бұл жігіт Пайғамбарымыздың с.а.с. қызға немесе еркекке ұқсап киінгендерді, ұқсауға тырысқандарды лағынеттегені(БУХАРИ,ЛИБАС 61) былай тұрсын, махаббатты шектен тыс "аялап" жіберген секілді.Бір адамды шектен тыс құрметтеу-уақыт өте келе оған "табынуға" ұласатынындай, махаббатты шектен тыс аялау адамды "күнәға" апаратынын білген жөн.Дүниеге,адамға деген махаббатта шек пен әдеп болу керек. Дүниеге деген махаббатта көрсоқырлық деген дұрыс емес.Осы кезде Абу Даудтан р.х.м. келген:"Біреуді қатты сүю- сүйген адамды көрсоқыр қылады,оның кемшіліктерін де көрмейді",-деген хадис еске түседі."Қабуснама" деген өте көне еңбекте әкесі ұлына: "Ғашық (қызға,әйелге)адамның өмірі азапқа толы",-деп өсиет етіпті.("Қабуснама",52-б.Алматы,Жазушы,2005)...Ойланатын мәселе екен!!!
    10 жыл бұрын
Мұрағат