Операция кезінде "Бақара" сүресін тыңдайтын дәрігер жұртты сүйсінтті
Операция кезінде "Бақара" сүресін тыңдайтын дәрігер жұртты сүйсінтті
11 ай бұрын 952 newsroom.kz Рысжан Амантай. коллаж: newsroom

Мыңжылқы Бердіқожаев ота кезіндегі амалымен бөлісті

Қазақстандық нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында ота алдында "Бақара" сүресін тыңдайтынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz. 

"Соңғы бір жылдай уақытта операция кезінде "Бақара" деген сүре бар, соны тыңдайтын болдым. Барлық бригада тыңдайды. Науқас жергілікті анестезиямен болса, онда науқас адам да тыңдап жатады. Ол өте мықты сүре деп ойлаймын. Кейбір дәрігерлер музыка тыңдайды. Өз басым музыка тыңдап көрдім, бірақ  музыка кейбір жағдайларда алаңдатады. Ал сүре алаңдата қоймайды. Ол да күрделі операциялардың кезіндегі амалдың бірі",- деді нейрохирург.

Дәрігер 2023 жылы 500-дің үстінде ота жасаған екен.

"Биыл 500-дің үстінде операция жасадым. Алматы қаласында практикамды үзген жоқпын. Онда 300-ге жақын операция жасадым. Астана қаласында "Президент" ауруханасында 100-ден аса жасадым. Сонымен қатар, меморандумға қол қойып, аудандарға шықтым. Ол жерде де операциялар болды, шеберлік сабақтары болды. Бұдан бөлек, көршілес Өзбекстанда әр ай сайын операциялар жасадым. 70-тен аса операцияны тек Өзбекстанда жасадым. Күніне кейде 14-17 операция жасаған кездерім болды",- деді Мыңжылқы Бердиходжаев. 

newsroom.kz

0 пікір
Мұрағат