Оңтүстік Корея тартылған Арал теңізіне сексеуіл егу үшін $1,7 млн жұмсады
Оңтүстік Корея тартылған Арал теңізіне сексеуіл егу үшін $1,7 млн жұмсады
5 жыл бұрын 3552

Арал теңізінің тартылып қалған қазақстандық бөлігіне сексеуіл егу үшін Оңтүстік Корея $1,7 млн жұмсады, деп хабарлады nege.kz ақпарат көзі Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Корея Республикасының Корей орман қызметі және биоәртүрлілікті сақтау қорымен бірлесе отырып, Арал теңізінің құрғап қалған түбіндегі 13,300 га аумаққа 5 млн түп сексеуіл көшетін отырғызды. Бұл жұмыс «Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғап қалған түбін фито-орманды қалпына келтіру» жобасы аясында жүзеге асырылды. Оған Кореяның орман қызметі 1,7 миллион доллар инвестициялады», - деді комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол нақтылағандай, Арал теңізінің құрғауынан бұрынғы су айдынының 6 миллион гектардан астамы босап қалған.

«Жыл сайын ауаға Арал теңізінің құрғаған түбінен 100 миллион тоннадан астам тұз, шаң мен құм ұшады. Климаттық жағдайдың өзгеруінің белгілері бар. Сонымен қатар желдің әсерінен пайда болатын тұз бен шаңның қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізетіні де белгілі. Осыған байланысты 1980-ші жылдан бастап Қазақстан орманшылары Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу арқылы құм мен тұзды дауылдарының барынша алдын алуда», - деді.

Хабарда атап өтілгендей, Арал теңізінің құрғаған түбінде орманды қалпына келтіру - экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар кешеніне енгізілген.

«Қызылорда облысының орман шаруашылықтары жыл сайын 10 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызады. Оның 6 500 гектары Арал теңізінің құрғаған түбінде жатыр. Жобаны ғылыми тұрғыда қолдау аясында Арал теңізінің құрғаған түбінде Корея университетінің зерттеушілері жасанды екпелердің топырақ қасиетіне әсері туралы бірегей зерттеулер жүргізді», - деді комитеттен.

Ведомство ақпарынша, Қазақстанда сексеуіл барлық негізгі орманды құрайтын жерлердің 65% құрайды және 6 132 400 га алып жатыр.

«Бір сексеуіл бұтасының тамыры шамамен 4 тонна құмды ұстай алады. Арал теңізінің құрғаған түбі үшін Қазалыда арнайы сексеуіл көшеттері өсіріледі. Тәлімбақтың ауданы 32 гектар. Жылдық өнімі 4 млн сексеуілден асады», - деді баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, Сексеуіл ормандарының өсу аудандарын сақтау және олардың жойылуына жол бермеу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен сексеуіл ормандарында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ағаш кесуге, сондай-ақ республиканың сауда орындарында сексеуіл сатуға тыйым салынған.

«Орталық Азиядағы сексеуілдің көбі Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақ орман қызметінің амал-әдісі – даланың шөлге айналыуымен күресте ең сәтті тәжірибе саналады. Жалпы 1980-2000 жылдар аралығында Аралдың құрғап қалған бөлігіндегі 190 мың га аумаққа сексеуіл отырғызылған», - деп нақтылады Сәкен Ділдахмет.

Арал теңізінің құрғап қалған орнына 2 жылда 5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды

Бұл мақсатқа Корея орман қызметі 1,7 мн доллар көлемінде қаржы бөлген

2018-2020 жылдар аралығында ҚР Орман шаруашылығы және жануардар дүниесі комитеті, Корея Республикасының Корея орман қызметі мен Қазақстанның биоалуандығын сақтау қоры бірлесіп, Арал теңізінің құрғап қалған табанына (13 300 га) 5 млн сексеуіл көшетін отырғызды. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz ақпарат көзі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұл жұмыс «Қызылорда облысында Арал теңізінің құрғап қалған табанының фито-орман мелиорациясы» жобасы аясында іске асып, Корея орман қызметі тарапынан 1,7 мн доллар көлемінде қаржыландырылды.

Арал теңізінің құрғауынан 6 млн гектардан астам жер бұрынғы су алқабынан босап қалды. Жыл сайын теңіздің құрғап қалған табанынан ауаға 100 млн тоннадан аса тұз, шаң мен құм көтерілуде. Климаттық жағдайдың өзгеруі салдарынан, жел арқылы тарап жатқан құм мен тұз қоршаған ортаға зиянын келтіруде.

Осыған орай, 1980 жылдан бастап қазақстандық орманшылар Арал теңізінің құрғап қалған табанына сексеуіл ағаштарын отырғызу жұмыстары арқылы құм мен тұзды дауылдарды тоқтатуда.

«Арал теңізінің құрғап қалған табанына орман егу жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде. Жыл сайын Қызылорда облысының орман шаруашылықтары 10 мың га ауданда сексеуіл отырғызуда, оның ішінде 6 500 га Арал теңізінің құрғап қалған табанына тиесілі.

Корея Университетінің мамандары жобаны ғылыми қолдау барысында Арал теңізінің құрғап қалған табанына егілген жасанды екпелердің топырақтың құрамына ерекше әсер еткені жайлы бірегей зерттеулерді жүргізді», - дейді Сәкен Ділдахмет.

Қазақстанда сексеуіл алқаптары орман құрайтын ағаш түрлерінің барлық ауданының 65 пайызын құрап, 6 млн 132,4 мың га ауданда республиканың орман қорының жартысын алып жатыр (49%). Бір сексеуіл ағашының тамыры 4 тоннаға жуық құмды ұстап тұруға қабілетті.

Қазалы орман питомнигінде Арал теңізінің құрғап қалған табанындағы орман мелиорация жұмыстары үшін сексеуіл көшеттері өсіріліп, дайындалады. Питомниктің ауданы 32 га, жылына 4 млн-нан аса сексеуіл көшеттерін өсіріп шығара алады.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен сексеуіл ормандарын сақтау үшін 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін сексеуіл ормандарында ағаш кесудің барлық түріне және республиканың барлық сауда орындарында сексеуілді сатуға тыйым салынды.

«Орталық Азияда сексеуіл ормандарының ең көбі Қазақстан шөлді өңірлерінде орналасқан. Осы ерекше ағаш түрінің шығуы біздің елімізден бастау алады. Қазақ орман қызметінің әдісі шөлейттенуге қарсы күресте әлемдегі ең тиімдісі болып табылады. 1980 жылдан бастап 2020 жылға дейін Арал теңізінің құрғап қалған 190 мың га аумағына сексеуіл орманы отырғызылды», - деп түсіндірді комитет өкілі.

0 пікір
Мұрағат