Несие төлеуге шамасы жетпейтіндерге арнап үй салынады
|
Биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық баспананы салуға 25 миллиард теңге бөлініп отыр.
«Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ол ақша жергілікті атқарушы органдарға бөлінді. 1,5 миллиард теңгеден әрбір өңірге таратылып берілді. Ол әрбір облыста 180 пәтер салынады деген сөз. Барлығы 3 мың арендалық пәтер тұрғызылады. Бұл – жалға берілетін, бірақ, сатылмайтын үйлер. Кімге беріледі? Алдымен бірінші санаттағы мүгедектер мен жетімдерге беріледі. Сосын несие ала алмайтын, қаржысы жетпейтін азаматтарға беріледі. Ал ақшасы барлар несие алса болады», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Комитет басшысының айтуынша, бір жылда 3 мың арендалық пәтер салынса, 15 жылда 40 мың арендалық баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол үйлердің орташа ауданы 50-60 шаршы метр болады.
«Биыл құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Себебі, біз тиісті қаржыны бөліп бердік», – деп атап көрсетті Марxабат Жайымбетұлы.