Неліктен қазақстандық оқытушылар мектепте хиджаб киюге қарсы
|
Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің мұғалімі оқу жылы басынан бері діни киім киіп келетін оқушылардың саны артқанын мәлімдеді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мұғалімдер олардың ата-анасымен профилактикалық кеңес шараларын жүргізген.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Эмоцияға берілген ата-аналар ұрыс тудырып жатады. Әрине, мұндай жағдайда бала зардап шегуі мүмкін”, – дейді педагогтар.
“Имандылық киім арқылы көрініс табуы міндетті емес. Ол адамның ішкі сеніміне байланысты. Сол себепті, балаларды оқу ордасына діни киімдер киіп баруға мәжбүрлеп керек емес. Бұл бала психологиясын бұзып, оны қиын жағдайға ұрындыруы мүмкін”, – дейді №21 мектептің директоры Айгүл Шибалаева.
Қазақстандық ата-аналардың пікірінше мектеп киімінің қатаң сақталуы тәртіпті нығайтып, оқуға деген ынтаны арттырады.
“Мектепке әртүрлі діни мәндегі киім кию балаға кері әсер етеді. Олар құрдастарының неліктен діни элементі бар киімдер киетінін түсіне бермейді. Біз көп ретте басқа балаларға мұндай жағдайды түсіндіруге тырысамыз”, – дейді Атыраудағы мектеп өкілдерінің бірі Лилия Доланова.
“Барлық дін өкілдеріне ортақ киім үлгісі туралы талап қою арқылы көпұлтты мемлекетіміздегі тұрақтылықты сақтап қалуға болдаы. Бұл ретте заң талаптарының сақталуына әрқайсымыз үлес қосу керекпіз. Біз өзіміздің мектепте жалпы мектептік ата-аналар комитетін құрып ортақ киім үлгісін бекіттік. Барлық ата-аналарға діни мәндегі киім киюге болмайтынын ескерттік”, – дейді Жаркент мектебіндегі 1 “ә” сыныбы ата-аналар комитетінің мүшесі Мәдина Ілиева.
Шариғат бойынша киінуге тырысқан баланы шеттетіп, оған тыйым салып, бұл ісін доғартуға тырысып жатқан үлкендер мен сондай құрдастарына "өзге ғаламшардан" келген адам сияқты қарайтын оқушылардың өздері баланың психологиясын бұзып, оны қиын жағдайға ұрындырып жатыр керісінше.