Некені бұзу кезінде судьяларға психологтар кеңес беретін болады
|
ҚР Бас прокуратурасы неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тартуды ұсынды.
«Психологтар сотта кімді татуластыруға болатынын айтып отырсын. Судья ажырасқалы жатқан жұптардың жарасуына уақыт беріп, психологпен тілдесуге жіберсін. Содан кейін ғана олардың некесін бұзуға болатынын не болмайтынын шешсін», - дейді Алимент өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.
ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша, елімізде жыл сайын 50-55 мың жұп ажырасады. Жылына үйленетін жұптар саны 120 мың.
Қазіргі уақытта 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Ал олардың алдындағы ата-аналардың алимент қарызы 1,8 млрд. теңгеге жуықтайды. Жетімдер үйінде 32 мың бала тұрып жатыр, олардың 70 пайызында ата-аналары бар.