Неге ыстық шай ішуге болмайды?
Неге ыстық шай ішуге болмайды?
9 жыл бұрын 3846 alashainasy.kz

Онкологтар Атырау облысында асқазан мен тік ішектің қатерлі ісігінің таралуына біздің тұзды тағамға, соның ішінде сүр етке деген әуестігіміз себеп болатындығына күмәнданбайды деп жазады "Ақжайық" басылымы. Соңғы кездері дүние жүзінде онкологиялық сырқаттар арасында сүт безінің қатерлі ісігі көш басында тұр. Бұдан бұрын бұл тізімде өкпенің қатерлі ісігі бірінші орында болатын.

Бірақ Атырау облысында ахуал анағұрлым басқаша, көбінесе асқазан-ішек жолдары мен өңештің қатерлі ісігі көп тіркеледі. Бұған экология немесе басқа факторлар кінәлі емес, дәлірек айтқанда, тамақтану әдеті себеп болады екен.

"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары біздің облыстың тұрғындары тұзды тағамдарды өте көп пайдаланады және ыссы, тіпті, ауыз күйдіретін шай ішеді деп есептейді. Басқа өңірдің өкілдері біздің бұл әдетімізге қатты таң қалады", - дейді онкологиялық диспансер емханасының меңгерушісі Азамат Айтуар.

Алайда, дәрігерлер көп жағдайда қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың ем қабылдауына менталитеттің де әсерін болатынын атап өтті.

"Менталитет те әсер етеді. Кейбір адамдарды операцияға, химиотерапияға ұзақ көндіруге тура келеді. Отаға қатысты теріс түсініктері көп және «жоқ, пышақ тигізбеймін» деп үзілді-кесілді бас тартатын егде жастағы адамдар ғана емес, жас адамдар да солай. Дегенмен, Еуропада мұндай пациенттер жоқ екен деп ойламаңыздар. Ондай жандар шетелде де табылады", - дейді Азамат Айтуар.

0 пікір
Мұрағат