|
Наурыз мейрамында қазақстандықтар бір аптаға жуық демалады
|
Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі жыл басында демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойған. Сол құжатқа сай және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің ережелеріне сай, Наурыз мейрамының алдындағы сенбі, яғни, 18 наурыз толық жұмыс күні болады. Сонымен, сенбі, 18 наурыз - жұмыс күні, ал, 19, 20, 21, 22, 23 наурыз күндері толық демалыс, жұма, 24 наурыз - жұмыс күні де, 25-26 наурыз - сенбі-жексенбі күндері тағы демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай бір аптаға жуық уақыт демала алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды