Намаз оқып жүргендердің 30 пайызы исламға жат ағымдардың өкілі
Намаз оқып жүргендердің 30 пайызы исламға жат ағымдардың өкілі
8 жыл бұрын 3045 Дәурен ЕРБОЛАТ

Қазақстанда намаз оқып жүргендердің 30 пайызы жат діни ағымдардың жетегінде жүр. Бұл туралы «Қазақстандағы дін» деген тақырыпта өткен жиында ҚМДБ өкілдігінің басшысы, Бас мүфтидің орынбасары Серік қажы Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды "BNews.kz" ақпарат көзінің тілшісі.

«Бүгінде күнделікті намаз оқып жүргендердің 30 пайызы – басқа ағымдардың өкілдері. Олар имамдарға құрметпен қарайды, уағыз тыңдаған болып отырады. Бірақ, негізгі идеологиялық күшті, негізгі бағытты интернет арқылы сырттағы шейхтардан немесе сол теріс ағымдағы теологтардан алады. Имамдарымыздың білімі сол теологтардан кем емес. «Біздің имамдарымыздың идеологиясы ондай деңгейде емес» деген пікірмен мүлдем келіспеймін», - деді ол.

Ал Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин имамдарды даярлау мəселесіне тиісті дəрежеде қолдау  көрсетілетіндігін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат