Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы-2014" турнирінің жеңімпазы атанды
Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы-2014" турнирінің жеңімпазы атанды
10 жыл бұрын 5101 massaget.kz/

Асыл "Жас сұңқар" Бәрменов (Қарағанды облысы) пен Мұхит "Жалын" Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы) "Қазақстан Барысы-2014" турнирінің жеңімпазын анықтау үшін ақтық белдесуге шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл жерде де қос палуан жеңімпазды негізгі уақытты анықтай алмай, нәтижесінде қоян-қолтық белдесу ұйымдастырылды. Соңғы кезеңде бағы мен бабы қатар шапқан Мұхит "Жалын" Тұрсынов 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" атағын иемденді. Жеңімпазға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов "Алтын тұяқ" тапсырды. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек Мұхитқа "Алтын белбеу" мен 150 000 АҚШ долларлық сертификат табыстады. Ал жеңімпаздың бапкері 20 мың АҚШ долларын иеленді.


Қарағандылық Асыл Бәрменов "Күміс белбеу" иегері атанып, 30 000 АҚШ долларын, ал оның бапкері 10 мың АҚШ долларын еншіледі.

Марапаттау рәсімінде Жамбыл облысының палуаны Дәулетхан Жақыпов "Көрермендер көзайымы" аталымы бойынша үздік деп танылып, Hyundai Elantra көлігіне ие болды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

0 пікір
Мұрағат