Мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар тұтқындалуы мүмкін
Мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар тұтқындалуы мүмкін
5 жыл бұрын 2527 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде мұғалімдерге тіл тигізген ата-аналар тұтқындалуы мүмкін. Бұл жайында AstanaTV телеарнасы кеше, яғни, желтоқсан айының 26-сы күні Сенатта мақұлданған "Педагог мәртебесі туралы" заңға және Қазақстан республикасының білім беру және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сілтеме жасай отырып хабар таратты. "Педагогқа тіл тигізу. Оның құқығына, заңды мүддесіне қол сұғуға қатысты әкімшілік кодекс бойынша жеке норма бар",- деді министр. Оның айтуынша, мұндай жағдайда заң талабы бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алынады. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, еліміздегі бір айлық есептік көрсеткіш 2020 жылы 2651 теңгені құрайтын болады. Яғни, мұғалімге тіл тигізген ата-ана 79 530 теңге айыппұл төлейді. 

0 пікір
Мұрағат