Министр елімізде неліктен сырттай оқу бөлімі жабылатынын түсіндірді
|
Білім және ғылым министі Ерлан Сағадиев Қазақстанда не себепті сырттай оқу бөлімі жабылатынын айтты. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.
«Ашық диалог» порталында министрге сұрақ қойылған.
«БАҚ-та Қазақстанда сырттай оқу бөлімінің тоқтатылатыны хабарланды. Бұл қаншалықты рас? Егер рас болса, екінші жоғары ілімді сырттай оқу қаншалықтықты қажет? Сырттай оқудың ақысы арзан болатын. Өзгерістен соң ақысы қанша болады?», – деп жазды Асылжан Баймағамбетов.
Ерлан Сағадиев елімізде сырттай оқу бөлімі 2019 жылдың қаңтарынан бастап тоқтатылатынын айтты. Ал, бұған дейін тапсырғандар оқуын жалғастыратынын жеткізді.
«Жоғары оқу орындарында оқу нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламаларын жеделдетілген режимде аяқтауды қарастыратын икемді және интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлейміз. Бұл норма азаматтардың жоғары білімге қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты, білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақысы мен білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың нысаны жоғары оқу орындарымен дербес түрде бекітіледі», – деді министр.