Мерзімінен бұрын шартты түрде босату кімдерге арналған?
Мерзімінен бұрын шартты түрде босату кімдерге арналған?
4 жыл бұрын 3594

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы тақырып туралы түсіндірме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz ақпарат көзі.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату – сотталушының бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан мерзімінен бұрын босатылуы, одан әрі жазаның өтелмеген бөлігін кезеңінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауына қойылуы.⠀

ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес, мезімінен шартты түрде босату жасаған қылмыс деңгейіне байланысты қолданылады:

  • онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;⠀
  • ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;⠀
  • аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.

Мәселен, адамды ауыр қылмыс жасағаны үшін сот 10 жылға бас бостандығынан айырған болса, ол 5 жыл жазасын өтегеннен кейін ғана шартты түрде босату жайлы өтініш бере алады.

Сондай-ақ сотталғандардың әлеуметтік осал санаттары үшін неғұрлым қысқа мерзім көзделген:⠀

  • Жүкті әйелдерге;⠀
  • Жас балалары бар әйелдерге;⠀
  • Жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге;⠀
  • Елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге;⠀
  • Алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлерге;⠀
  • Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қолданылуы мүмкін.⠀

Жазасын өтеуші мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш білдіргеннен кейін, 10 күн ішінде мекеме әкімшілігі сотталған адамның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбекке және оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса ұсына отырып, сотқа жолдайды.⠀

Шартты түрде босатылған адамды есепке қойғаннан кейін, ішкі істер органдары Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жәрдемімен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, оның қызметке келуін қамтамасыз етеді.

Еске салайық, 20 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырды. 

0 пікір
Мұрағат