«Мерейлі отбасы» байқауына құжат қабылданады
|
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі. 1 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінен өрбіген. Ағайын-туысқа, көрші-қолаңға ғана емес, 17 миллион халыққа үлгілі әулеттің отанасы Күлән апай биыл зейнетке шықты. Қызметін шойын жолда бастаған әженің жары да – теміржолшы. Тек арқасүйер азаматы емес, қайын жұртында 4 буынға тарайтын 64 жанұя – осы саланың мамандары. Еліміздегі теміржолшылар династиясы – «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасынына қатысқан алғашқы әулеттердің бірі. Тіпті 2014 жылы дәл осы Ахметовтер жанұясы ұлттық конкурста жеңімпаз атанған. Кендай Ахметов, «Мерейлі отбасы» байқауының Астана қаласы бойынша 2014 жылғы жеңімпаздары -Мен енді разнорабочий дейді ол кезде 1969 жылы жай бір жұмыскер болып, одан кейін механик болдым. Кейін инженер, одан кейін главный инженер болдым. Одан соң директор болдым. Бұл бір жағынан енді мақтаныш қылып та айтамыз. Негізі теміржол деген – өзінше бір қиын сала. Күллі Қазақ еліне үлгілі, мерейі жарасқан отбасы атанудан бұрын, сол мәртебені абыроймен алып жүру – үлкен жауапкершілік. Мұны отбасындағы балақайлар да түсінеді. Кендай Ахметовтің немерелері де: «Теміржолшы болсақ», – деп армандайды екен. Конкурсқа қатысу үшін тек отбасы жетістігін дәлелдейтін құжаттарды жергілікті әкімдікке тапсыру қажет. Өтініштер сәуір айының 1-інен бастап, 30-ына дейін қабылданады. Оларды арнайы комиссия тексеруден өткізеді. Отбасы мүшелері бұрын сотталмаған, ісіне адал болуы шарт. Жобаға қатысу ережесі өзгерген жоқ. Тек жыл сайын үміттілер қатары көбеюде. Сәкен Есіркепов, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі -Конкурс үшінші жыл өткізілгелі отыр. 2014 жылы Астана қаласы бойынша 44 отбасы, ал 2015 жылы 51 отбасы тапсырды. Биыл отбасылардың саны көбейеді деп отырмыз. Өткен жылы қалалық кезеңде жеңіске жеткен Жүгінісовтер отбасы да ұлттық конкурстың ғұмырлы болуын қалайды. «Жоба жанұямыздағы ауызбіршілікті бекем қыла түсті», – дейді өнерлі жанұя.