Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымы қандай - Министрдің жауабы
Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымы қандай - Министрдің жауабы
6 жыл бұрын 2299 Айжан Серікжанқызы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік  саясатын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Біз ресми түрде және нақты жариялаймыз: Мемлекет дін немесе сенімге қарсы емес. Бірақ, оны дәріптеумен де айналыспайды. Дін - мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Негізі дәрі пайдалы болады. Бірақ, оны дұрыс емес немесе тым артық қолданса, одан пайда емес, зиян келуі мүмкін. Мемлекет діни бірлестіктерді өзінің сенімді серіктесі ретінде көреді. Сонымен бірге, дін саясиланып, заңдардың орнын алмауы керек", - деді министр Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, ол діни біліктіліктің тиісті тәрбиемен және саяси сауаттылықпен сүйемелденіп, сындарды көзқараспен қабылдануы керектігін баса айтты.

0 пікір
Мұрағат