Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға кім құқылы?
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға кім құқылы?
4 жыл бұрын 2717

“МКБЗК бюджет қаражаты есебінен” Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі. Бұл жайында adyrna.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

МКБЗК алуға құқығы бар тұлғалар:

Барлық жеке және заңды тұлғалар МКБЗК-н құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқылы.

I. Азаматтық істер бойынша:

1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшымен жауапкерлер;

4) заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

II. Қылмыстық істер бойынша:

1) қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адамкәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілер;

III. Әкімшілік істер бойынша:

1) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға;

IVАлименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.

Жақсылық ЖУМИН,

Ақтөбе облысы әділет департаментінің құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

0 пікір
Мұрағат