|
Мемлекет басшысы "жала жабуды" Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды
|
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды.
Ұлттық кеңестің І отырысында бұл мәселе көтерілді. Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") әрі қарай жетілдіру мәселесін қарастыру қойылған болатын. "Жала жабу" 130-бабы бойынша бірнеше жұмыс топтары өткізілді. Пікірталас кезінде бір шешімге келу қиын екенін көрсетті. Барлық мәселені қарай отырып шешім қабылдадым. 130-бапты қылмыс деп танымай Әкімшілік кодексе ауыстырдым, - деді мемлекет басшысы.
Президент, сондай-ақ, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздықты қоздыратын бапқа да тоқталып өтты.
Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойыншада бір шешімге келе алдық. Осы бапқа түзетулер енгізіледі. "Қоздыру" сөзінің орнына заң жүзіндегі түсінікті қолдану керек, - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өткен жылы қасиетті қос мешітті (Харам мешіті мен Пайғамбар мешіті) есептемегенде туристер ең көп бас сұққан құлшылық үйі белгілі болды
■
Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды
■
Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды
■
Әлемде алғаш рет тек әйелдерге арналған замауни мешіт ашылды (фото)
■
Қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасы іске қосылды