|
Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды
|
Елбасы Францияның еліміздегі дипломатиялық миссиясына барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы Франция мен біздің еліміздің арасындағы айрықша жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқының атынан көңіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты.
Қазақстан Президенті Парижде зұлымдықпен жасалған террорлық әрекеттер салдарынан көптеген жазықсыз азаматтар қаза болғанын атап өтті.
Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздің бәрімізге де ауыр тиеді. Бұл наразылық пен қынжылыс тудырып қана қоймайды, барша адамзатты осындай әрекеттерге қарсы күресуге үндейді. Терроризмнің ұлты мен діні болмайды. Бұл – жалпыға ортақ қасірет. Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен сессиясында мен «Ислам терроризмге қарсы» форумын ұйымдастыру, сондай-ақ осынау зұлымдықпен күрестің дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айттым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістанның фармацевтикалық секторы жыл сайын науқастар емделмей жатып 5 миллиард доллар жоғалтады
■
Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
■
Ашық жасанды зерденің болашақты қалай өзгертетіні айтылды
■
Израилдің ықпалымен Америка құрама штаттарының Иранға қарсы әскери операциясы сәтсіздікке ұшырады
■
Азия елінде келешекте өмірді қамтамасыз етуден бас тартуға арналған құқықтық негіз күшіне енді