Мақтааралда жылыжай шаруашылығында лимон өсірілуде
Мақтааралда жылыжай шаруашылығында лимон өсірілуде
5 жыл бұрын 2634

Бұл туралы аудандағы жылыжай шаруашылықтарын аралап жүрген ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлімдеді.

Негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтын Мақтаарал ауданында 33,1 гектар жылыжай бар. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасында көрсетілген жылына 2-3 рет өнім алу технологиясы осы жылыжайларда кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғалым Мырзаханұлы типтік үлгіде салынған "Хамро ата" шаруа қожалығына тиесілі жылыжай шаруашылығына барды. Аумағы 7 гектарды құрайтын жылыжайдың 1 гектарында лимон, 3 гектарында қызанақ, тағы 3 гектарындақияр дақылдары өсірілуде. 1 гектар лимон алқабының арасындағы бос жерлерге қырыққабат өсіріліп, ақпан айының соңына қарай өнімдері нарыққа шыға бастайды. Осылайша 1алқапта қатарынан 2 өнім өсіріп отырған қожалық жаңа технологиялардың арқасында мол табыс тауып отыр. Сондай-ақ, қырыққабат өнімі жиналып біткен соң мұнда күзгі қияр өсіріле бастайды және лимоннан да өнім алады.

Жалпы Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытайда өсірілетін цитрусты жеміс - лимонды баптауды мақтааралдық шаруалар да меңгеріп келеді. "Хамро ата" шаруа қожалығына тиесілі жылыжайда 700-ге жуық лимон көшеттері отырғызылған. Өткен жылдың күзінде қожалық лимоннан алғашқы өнімін жинаған болатын.

 

0 пікір
Мұрағат