Маман тапшылығы 2023 жылға дейін жалғасады
Маман тапшылығы 2023 жылға дейін жалғасады
7 жыл бұрын 4061 7kun.kz Мөлдір Иманмәди

1990 жылдары туу деңгейінің төмендегенінен Қазақстанда еңбек нарығына қатысушы жас мамандардың саны азаяды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомстваның мәліметінше, жаға кадрлар санына байланысты жағдай тек 2023 жылға қарай тұрақталады.

«Еңбек ресурсының жетіспеушілігі экономикалық белсенділік пен өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жұмыссыз азаматтардың көбеюі есебінен болады. 439,3 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 2,2 млн адам еңбек нарығындағы ішкі резервтің үлкен бөлігін қамтиды», — деп атап өтті министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, еңбек министрлігінің болжамы бойынша, 2017-2021 жылдар жаппай кәсіпкерлік және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асуы еңбек нарығы қуаттылығының төмендеуіне әсер етеді. Одан бөлек, болашақта жас мамандар тапшылығы болуын ескертеді.

Қазіргі уақытта аталған бағдарлама 310,6 мың адамның қызығушылығын туғызды. Олардың 280,7 мыңы (90,4%) қатысушылар құрамына қосылды.

Ал жұмыспен қамту орталықтары 148,9 мың адамды жұмысқа орналастырды. Одан бөлек, ҰБТ тапсырмаған түлектерге 1 қырркүйектен бастап тегін техникалық-кәсіби білім және қысқа мерзімді кәсіби білім алуларына мүмкіндік беріледі.

Сонымен бірге, еңбек министрлігі қазақстандықтардың жұмыспен қамтылған аймақтардан керісінше маман жетіспеушілігі бар жерлерге көшуіне сенім білдірді.

Ведомствадағылар аталған шаралардың болашақтағы кадр жетіспеушілігі мәселесінің ел экономикасына кері әсерін тигізбеуіне ықпал етеді деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат