Малайзияға Қазақстанның 11 қаласынан тікелей рейс ашылады. Түркия Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейс ашпақшы
Малайзияға Қазақстанның 11 қаласынан тікелей рейс ашылады. Түркия Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейс ашпақшы
5 жыл бұрын 1873 bag.kz

Әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді. 

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. 

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады. 

Түркия Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейс ашпақшы

Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Түркия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. 

Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Стамбул-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады - делінген ИИДМ таратқан ақпаратта.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.

0 пікір
Мұрағат