Малайзия университеті оқу гранттарын ұсынды
|
Малайзия ғылым және технологиялар университеті (Malaysia University of Science and Technology) – жаратылыстану, инжиниринг және бизнес саласындағы барлық бағдарламаларында білім беретін Малайзияның жетекші университеті болып табылады. 2000 жылы Массачусетс технологиялық институтының (MIT) қолдауымен құрылды. Сондықтан барлық университеттік бағдарламалар, болашақ кәсіпорындар мен жұмыс орындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, MIT университетінің оқыту стиліне ұқсастырылып жасалды. Бүгінгі таңда көптеген түлектер әлемнің жетекші корпорацияларында жұмыс істейді: Таяу Шығыстан Қытайға, Сингапурдан Австралияға дейін.
Магистратурада оқығысы келетін үміткерлер үшін университет — 5 орын ұсынады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Бакалавр дипломының CGPA 2.5 (егер 4 баллдық бағалау жүйесі болса) немесе CGPA 3.2 (егер 5 баллдық бағалау жүйесі болса) және одан жоғары;
2. Егер CGPA 2.5-тен (егер 4 баллдық бағалау жүйесі болса) немесе CGPA 3.2-ден (егер 5 баллдық бағалау жүйесі болса) төмен болса, тиісті салада 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесін талап етіледі;
3. IELTS 6.0 немесе TOEFL 550 және одан жоғары;
Мамандықтар тізімі:
- Master of Business Administration;
- Master of Science in Construction Engineering and Management;
- Master of Science in Energy and Environment;
- Master of Science in Information Technology;
- Master of Science in Systems Engineering and Management;
- Master of Science in Transportation and Logistic.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін
Өтініш берушілер келесі құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығына» АҚ-ға тапсырулары керек:
1. Паспорттың түпнұсқасы мен бірінші бетінің көшірмесі;
2. Орта мектепті бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
3. Бакалавр дипломы мен транскрипциясының түпнұсқасы және ағылшын тіліне аударылып нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4. IELTS немесе TOEFL тілін білу туралы сертификат;
5. Толтырылған сауалнама (фотосуретпен бірге);
6. Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және ағылшын тіліне аударылып нотариалды куәландырылған көшірмесі(талап етілетін деңгейден төмен деңгейлі үміткерлер үшін);
7. Сертификаттар, мадақтама қағазы (егер болса).
Түпнұсқалық құжаттар салыстырудан кейін қайтарылады.
Грант тек оқу шығындарын қамтиды.
Құжаттар тезтікпеге тігіледі. Тезтікпе мұқабасында аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды мекенжайы, ЖОО атауы мен мамандық көрсетілу қажет. Құжаттар толық болған жағдайда ғана келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел д-лы, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 507-кабинет.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, мына байланыс нөмірлер арқылы хабарласуыңызға болады:
+7 (7172) 24-93-96, 76-90-92, 76-91-04, 76-90-44
Малайзияда тұру
1 АҚШ доллары – 3.91 Малайзиялық Рингит (RM)
Малайзияда тұрудың құны туралы жалпы ақпарат (студенттердің тұруы, тамақтануы, визасы және т.б.)
Студенттерге арналған жатақханада тұру, коммуналдық қызметтер есепке алынбағанда RM 400, тамақтану RM 7 тұрады. Визаға өтінім беру 750 АҚШ доллары, депозит — 360 АҚШ доллары(Университетке төленеді), тіркеу алымы — 200 АҚШ доллары.
Тұрмыстық шығындар
Құны (RM) |
|
Депозит (бір реттік, қайтарылатын) |
1600 – 2400 |
Ай сайынғы ақы |
800 – 1200 |
Интернет |
200 |
Су және электр энергиясы |
180-300(пайдалануға байланысты) |
Тамақтану |
6-25 |
Жолға кететін шығын |
Әуежайдан жатақханаға дейін – 70 Қала бойынша — 30 |