Мәжіліс комитетінде Үкімет түзеген ел бюджеті талқыланды
Мәжіліс комитетінде Үкімет түзеген ел бюджеті талқыланды
8 жыл бұрын 2825 baq.kz

Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен өткен Парламент Мәжілісіндегі отырыста Үкімет толықтырып әкелген «2015-2017 жылдардың Республикалық бюджеті туралы» заңының таныстырылымы болды. Аталған құжат жөнінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасаған еді.

Сонымен, отырыста мәлім болғандай: Макроэкономикалық көрсеткіштердің 2015 – 2019 жылдарға арналған болжамының өзгеруіне, он айда бюджеттің іс жүзінде атқарылу қорытындыларына сүйене отырып, есептеулерді нақтылауға, сондай-ақ «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын түзетуге байланысты 2015 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстар енгізді. Бірінші кезекте бюджетті нақтылау бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің тиісінше төмендеуі нәтижесінде бұзылған бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Бюджет түсімдерінің жалпы төмендеуі 66,5 млрд теңгені құрады 38,3 млрд. теңге іс-жүзіндегі түсімдердің макроэкономикалық көрсеткіштерді түзету есебінен,  28,2 млрд. теңге Ұлттық қорды басқару кеңесінің шешіміне сәйкес Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт көлемінің азаюы нәтижесінде. Кіріс бөлігінің 38,3 млрд. теңге сомасына төмендеуі әлеуметтік міндеттемелерді қозғамайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын қысқарту арқылы өтеу ұсынылды. Нәтижесінде, нақтыланған бюджет параметрлері, бюджет түсімдері 5 921,5 млрд. теңгені, шығыстар 7 179,2 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың бюджет тапшылығы мөлшері бюджетті бірінші нақтылаудан кейін жүргізілген 2014 жылдың қалдықтарын толық пайдаланылуына байланысты түзету ескеріле отырып бекітілген деңгейде сақталды, және 1 257,7 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 3 % құрайды. Енді Бюджеттік заң жобасы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Глеб Щегельский жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыланатын болады.

0 пікір
Мұрағат