Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты (видео)
Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты (видео)
8 жыл бұрын 4569

Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты ашық сот талқылауының төртінші күні өтіп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев Күлекбаевқа өлім жазасын сұраған болатын. Сот талқылауының 4-ші күніндегі жарыссөзде сөз сөйлеген Күлекбаев қандай жазаға болсын көнетінін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Күлекбаев өз сөзінде діни уағыз айта бастап еді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов оны тоқтатып тастады.

«Мен не үшін жасағанымды айтайын? Жасаған ісімді мойындаймын. Мен бұл қылмысты, сіздер аға-бауырларыңыз, балаларыңыз қаза тапқанын айтып отырсыздар ғой. Олар да менің «сестраларымды», «бауырларымды» Аллаһтың заңынсыз қинаған, әділетсіз соттап, семьясынан бөліп тастады. Мен сол себептен осыны жасадым», деді Күлекбаев.

Осы сөзінен кейін судья Болатов оны тағыда тоқтатты. «Сіз мұнда уағыз айтпаңыз», -деді ол.

«Маған қандай жаза қолданып жатыр, өлім жазасы болсын, мәңгілік отырғызу жазасы болсын иншаллаһ сабыр етемін. Маған қолданған заң әсер етпейді. Аллаһ жаратқан шыбын шақса әсер етеді, қалғаны сөз», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат