Куәлігінен айырылса да көлік рөліне отыра беретіндер енді қамауға алынады
Куәлігінен айырылса да көлік рөліне отыра беретіндер енді қамауға алынады
6 жыл бұрын 2017

Қазақстандағы жүргізушілер куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізе беретіні жасырын емес. Мәжіліс депутаттары Бас прокуратураға сауал жолдады, деп хабарлайды arhar.kz ақпарат көзі kolesa.kz порталына сілтеме жасай отырып. 

Сауалда айтылғандай, соңғы екі жылда елімізде 90 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Сөйте тұра куәлігінен айырылғандар тарапынан 15 мыңнан астам әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық жасалған.

Депутаттардың сөзінше, куәлігінен айырылғандар сот шешімін орындамай, көлікке қайта отырып, өзгелердің өміріне қауіп төндіруін қояр емес. Сауалға жауап қайтарған прокурорлар қазіргі қолданыстағы заңның жеңіл екенін, ереже бұзушыларды онша қатты қорқытатындай емес екенін мойындады. ӘҚбК 612 бабы 3 бөлігі (көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша жаза тым жеңіл, тек 10 АЕК көлемінде (25 250 теңге) айыппұл көзделген. Соған байланысты бұл бап бойынша жазаны күшейту қажеттігі туындап отыр, балама жаза ретінде қамауға алуды енгізуге болады, – деп хабарлады бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов.

0 пікір
Мұрағат