Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алады? Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады
Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алады? Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады
4 жыл бұрын 9445

Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек екені айтылды. Бұл айында bairaq.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Мұндай жәрдемақы тек Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетіні белгілі болды.

- Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
- Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
- Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:

- Жеке куәлік;
- Балалардың құжаттары;
- Банк есепшоты жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 теңге);
5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 теңге);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 теңге);
7 немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 теңге).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні екені айтылады.

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін жауапкершіліктен қашан босатылады

 

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтынша, заң жобасы жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламент депутаттарының бастама жасауымен әзірленген.

«Заң жобасы жүргізушінің жүргізуші куәлігі мен Қазақстан Республикасында берілген көлік құралы тіркеу куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды, сондай-ақ, көлік құралдарының кейбір түрлерін пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты.

0 пікір
Мұрағат