Көп ұзамай еліміздегі су ресурсы қатты азаятын болады
Көп ұзамай еліміздегі су ресурсы қатты азаятын болады
6 жыл бұрын 3064 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2030-2050 жылдар аралығында еліміздің аумағындағы су ресурсының мөлшері 15,5%-ға, яғни, 76 млрд текше метрге дейін азаяды. Бұл жайында Түркістандағы Бүкіл әлемдік банктің аймақтық кеңсесінің экология әне табиғи ресурстар жөніндегі жетекші маман Гаянэ Минасян мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде жақын болашақта су тапшылығының орын алуына жаһандық жылынудың салдарынан пайда болған климаттық өзгеріс себеп болмақ. Бүкіл әлемдік банктің боламы бойынша Түркістандағы орташа жылдық температура 2,6 градусқа көтеріліп, Тянь-Шань мұздағының көлемін 50%-ға қысқартады әрі еліміздің аумағында жауын-шашын аз түседі. Естеріңізге сала кетсек, еліміз географиялық орналасу ерекшелігіне қарай су тапшылығын тартатын елдер қатарында. Еліміздің аумағында ағатын өзен-көлдердің 90 пайызы көктем мезгіліндегі жауын-шашынмен, еріген қар суымен ғана толығады. Еліміздегі су қоры 2020 жылға қарай 20 пайызға азаяды. Бұдан бөлек, су қоры мол ірі өзендердің дені трансшекаралық болып табылатындықтан бұл мәселеде көрші елдерге кіріптармыз. Яғни, еліміздегі су ресурсының жартысы көрші елдерден келеді. Сондай-ақ, ол 2030 жылға қарай еліміздегі бидай түсімі қазіргі деңгеймен салыстырғанда 63%-ға дейін кемиді, ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 50%-ды құрамақ. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәлімет бойынша жыл сайын әлемде тұшшы су қоры 230 млрд текше метрге азайып отыр. 2025 жылға дейін әлемдегі тұшшы су қоры 3 трлн текше метрге дейін азаймақ. Осыған байланысты Бүкіл әлемдік банк өкілі елімізді осы бастан климат өзгерісіне бейімделуге кеңес берді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы он жылда еліміздегі бидай түсімі көңіл көншітпейді. Өткен жылы ауыл шаруашылығындағылар бір гектарына бар-жоғы 13,5 центнерден артық жинай алмады. Десе де 2008 жылы бұл көрсеткіш бір гектарына 9,7 центнерден аспап еді. 

0 пікір
Мұрағат