Көкшетауда тұңғыш рет қайтыс болған адамның мүшесі донорлыққа берілді
Көкшетауда тұңғыш рет қайтыс болған адамның мүшесі донорлыққа берілді
9 жыл бұрын 3066 inform.kz

Көкшетауда тұңғыш рет қайтыс болған адамның мүшесі донорлыққа берілді.

Бұл туралы хабарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады.

Ақмола облысы бойынша өңірлік трансплантолог Талғат Хайдаровтың айтуынша 60 жастағы көкшетаулықтың жүрегі, бауыры және бүйрегі Астана қаласындағы республикалық орталықтағы төрт адамға салынды.

«Науқас өте ауыр жағдайда Ақмола облыстық ауруханасына түсті. Инсульттің нәтижесінде оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - дейді Талғат Хайдаров «Кейін марқұмның туыстарының келісімімен оның органдары алынды. Ағымдағы жылдың 21 наурызында Астанадан трансплантолог мамандар келіп,  органдарды алып кетті. Бір тәуліктің ішінде бұл органдар мұқтаж 4 қазақстандыққа салынды».

0 пікір
Мұрағат