Кімдер әлеуметтік көмекті үйде тегін алуға құқылы
|

KAZINFORM — Әлеуметтік қызметкерлер ауруына, жарақатына, жасына немесе мүгедектігіне байланысты өздеріне күтім жасау, жүріп-тұру қабілетінен толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға көмектеседі.
Қазақстанда үйде арнайы әлеуметтік қызметтер алатын азаматтардың санатына:
— Зейнеткерлік жасқа толған қарт адамдар, сондай-ақ өз бетінше жүріп-тұра алмайтын және тұрақты күтімді қажет ететін I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар жатады. Заң бойынша оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары (жұбайы/зайыбы) болмаған кезде қызмет көрсетіледі.
Егер туыстары объективті себептермен көмек көрсете алмаса, мәселен:
— I немесе II топтағы мүгедектігі бар болса,
— онкологиялық немесе психикалық аурулардан зардап шексе,
— бас бостандығынан айыру орындарында болса,
— психикалық денсаулық орталығында есепте тұрса,
— шетелге тұрақты тұруға кетсе,
— басқа елді мекенде тұрса (жұбайы/зайыбы үшін жасы да ескеріледі) қолдау жасалуы мүмкін.
Сондай-ақ, психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бойынша мүгедектігі бар ересектерге (18 жастан асқан) қызмет көрсетіледі.
Бұған дейін Қазақстанда кім тісін тегін емдете алатындығын жаздық.
Сондай-ақ, елімізде тегін ота кімдерге жасалатындығын, ақылы жолдарында кімдер тегін жүре алатындығын және елордада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алатындығын да біле аласыз.
Ақерке Дәуренбекқызы




