Астана экономикалық форумы алаңында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранның арасында еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Кілем, мейіз, құрма. Иранмен келісім нәтижесінде Қазақстанда қандай тауарлар арзандайды
|
2016 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранның арасында бірқатар бекітілген тауарларға қатысты 3 жыл мерзімге өзара саудадағы импорттық кедендік бажды төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Иран қазақстандық өнімдердің экспортын ұлғайтудағы келешегі зор нарық болып табылады. Иранмен өзара тауар айналымының оң серпіні байқалады, ол 2018 жылғы 1 тоқсанда 2017 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда, 170 млн. АҚШ долларын құрай отырып, 70%-ға өсті.
Айта кетейік, бұл келісім ирандық нарық бағытына қол жеткізу талабын жақсартады. Келісім сиыр және қой еті, ноқат, жасымық, бұршақ, арпа, жүгері, өсімдік майы, макарондар, кондитерлік өнімдер, болат прокаты, рельстер, аккумуляторлар, арматура, құбыр және басқа да Қазақстанның экспорттық мүддедегі тауарларын Иранның бүгінде басқа елдерге ұсынып отырған шарттарына қарағанда, едәуір жеңілдікпен жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен, Қазақстан Республикасының атынан келісімге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин қол қойды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар тауарлық қамту бойынша мынадай уағдаластыққа қол жеткізді: Иран 246 тауар бойынша 6 мәнге (оның ішінде 74 а/ш, 172 өнеркәсіптік), ЕАЭО - 175 тауар бойынша 6 мәнге тарифті азайтты (оның ішінде 53 а/ш, 122 өнеркәсіптік).
Келісім аясында Иран Қазақстанның экспорттық мүддедегі негізгі тауарлары бойынша кедендік әкелім бажын азайтады және бекітеді (102 желі 6 мәнде, оның ішінде 47 а/ш, 55 өнеркәсіптік).
Тарқатып айтар болса, оның ішінде сиыр еті, қой еті, сары май, ноқат, жасымық, бұршақ, арпа, жүгері, соя бұршағы, күріш (, өсімдік майлары (20%-дан 10%-ға азайтылды), макарондар, кондитерлік өнімдер , болат прокаты, рельстер, аккумуляторлар бар
Өз кезегінде Иран үшін ЕАЭО-ға қатыссыз: пісте, құрма, інжір, мейіз, асшаян, бақша дақылы, апельсин, лимон, лайма, кондитерлік өнімдер, шырындардың кейбір түрі, құрылыс бояулары мен лак, ыдыс, жуу құралдары, кілем, пластмасса бұйымдары секілді тауарларға кедендік баж азайтылатын болады (ағымдық БКТ орта есеппен 0-10% мөлшерінде).
Иранның экспорттық мүддедегі негізгі тауарларына (алма, қызанақ, қияр) ЕАЭО өндіріс жоқ кездегі (қарашадан наурызға дейін) маусымдық түсірулерді ғана ұсынып отыр. Сонымен қатар Ираннан жеткізілетін картоп, қызанақ пастасы мен көкөністерге қатысты ағымдық тарифтер GSP деңгейінде бекітілген (7,5 - 9% мөлшерінде).
Сонымен бірге Иранның экспорттық сұраныстағы тауарларының көпшілігі преференциялық тауарлар тізбесіне енеді, бұл оларды дамушы елдер және аз дамыған елдерден, оның ішінде Ираннан әкелу кезінде ҚЖТ мөлшерлемесі көлемінің 25%-ға төмендеуін білдіреді. Тұтас алғанда, сұраныс желісінің көпшілігінде БКТ мөлшерлемесінің деңгейі төмен немесе нөлдік болып табылады.