Кәсіпкер ислам дінін қабылдаған бұрынғы христиан отбасына баспана ұсынды
Кәсіпкер ислам дінін қабылдаған бұрынғы христиан отбасына баспана ұсынды
9 жыл бұрын 3540 Рavlodarnews.kz

Павлодар қаласында екі баласы бар жас христиан отбасы мұсылмандардың көмегінен кейін Ислам дініне өткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы «Ақмешіт» мешітінің найб имамы Әбілқайыр Қылышов хабарлады.     -Бізге жағдайы төмен екі баласы бар ерлі-зайыпты отбасы келді. Алдымен шіркеуге барып көмек сұраған олар кейін мешітті бетке алған. Барар жері, басар тауы қалмаған жастар далада күнелтіп жүр екен. Олардың жағдайын түсінген біздің мұсылман жамағаты жамыла қол ұшын созып, қаржылай және азық-түлік түрінде көмек берді. Намазхандардың бұл жақсылығынан кейін ертеңгі күні Михаил мен Александра «Ақмешітке» қайта келді. Бұл жолы көмек сұрап емес, Ислам дінін қабылдау үшін мешіттің табалдырығын аттады, - деді Ә. Қылышов Әбілқайыр Қылышовтың айтуынша, «Ақмешіт» имамдары мен ұстаздары Ислам дінін қабылдаудың алғышарттарын егжей-тегжейлі түсіндіргеннен кейін ерлі-зайыптылар тілдерін кәлимаға келтіріп, мұсылман атанған. Айта кетерлігі, өзге ұлт өкілдерінің Ислам дінін қабылдағанын естіген павлодарлық белгілі кәсіпкер жас отбасына жатаханадан тегін бөлме берді. Сауапты іс жасаған жомарт кәсіпкер өзінің аты-жөнін жариялаудан бас тартты. Абзал Қабдраш Суретті «Ақмешіт» мешітінің баспасөз қызметі ұсынды pavlodarnews.kz

0 пікір
Мұрағат